Талант өлмейді – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Талант өлмейді» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 783
Сары жез шірір ақыры
Сандыққа салып бақса да,
Шын алтынды тот баспас
Мың жыл жерде жатса да.
Өткір жігіт үйде өтер,
Жүрген жерін гүлдетер.
Тау жығылып, тас құлап
Төбесінен басса да,
Талант өлмейді, жігіттер!
Дарға апарып асса да.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері