Қартаймасын ұстаздар. (әзіл өлең)

Бұл бетте «Қартаймасын ұстаздар. (әзіл өлең)» атты Гүлмекен Қасенбай жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Ұстаздар қартаймасын

​ ​ ​ ​ "Апай" - дейді барлығы,
​ ​ ​ ​ ​ Біздің сұлу ұстазды.
​ ​ ​ ​ ​ "Апа" - деген әже ғой,
​ ​ ​ ​ ​ Тістері жоқ, ақ шашты!

​ ​ ​ ​ ​ ​ Ал мен үшін ұстаздар,
​ ​ ​ ​ ​ ​ Ең бір сұлу әпкелер.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​Өскеннен соң, жұмыстан -
​ ​ ​ ​ ​ ​​ Ұстазымды ап кетем!

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​Мінгізіп-ап, көлікке,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Аралатам қаланы.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​Айтып көрсін содан соң,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​Мені "жаман бала" - деп!

Атракционда ойнатып,
Қыдыртамын паркте.
Тәтті мақта әперем,
Мінгізіп ап көлікке.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​Гүл шоқтарын сыйлаймын,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​Балмұздақ та әперем.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​Қартаймаса екен тек,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​Сұлу ұстаз әпкелер!

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Гүлмекен Қасенбай
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ 24.09.2021


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қартаймасын ұстаздар. (әзіл өлең) өлеңінің авторы кім?

Гүлмекен Қасенбай — осы өлеңнің авторы.

Қартаймасын ұстаздар. (әзіл өлең) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қартаймасын ұстаздар. (әзіл өлең) өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қартаймасын ұстаздар. (әзіл өлең) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер