Өлең, жыр, ақындар

Бастауышпен қоштасу (Слайдқа арналған)

Бастауышпен қоштасу
(Слайдқа арналған өлең)

Алтыда едік ол кезде,
Хабарсыз мүлде ғылымнан.
Анамен келдік мектепке,
Арқалап​ үлкен ақ арман!

Қарсы алды бізді ең алғыр,
Ұстаздың бірі білікті.
Даусында талап, қаталдық,
Көзінде​ мейірім тұнып тұр.

Әбдіқожа Ардақ ұстаз,
Танытты солай әріпті.
Қаламды дұрыс ұстатып,
Көрсетті жазу, сызуды.

Ары қарай Зейнеш апай,
Жетекшілікті қолға алды.
Минутқа санап оқытып,
Үйретті барлық амалды.

Сабағы толы жаңалық,
Әр пәнді өткен​ қызық қып.
Тап болған мұндай ұстазға,
Өзгеден біздер озықпыз.

Еңбекқор,​ мұқият, талапшыл,
Іс жүргізуі - жоғары.
Үнемі​ мақтау, алғыс хат,
Басшылықтардан алады.

Қырық бес жылдық өтілі,
Шыңдады оны шынымен.
Қандай тексеру келсе де,
Таппады бір мін ісінен.

Бүкіл ұжымға кеңесін,
Беріп келеді жалықпай.
Ойы ұшқыр, озат ұстазға,
Ешкім келмеген айыптай.

Тентектеу болсақ - басатын,
Тұйықтау болсақ - ашатын.
Тек білім беріп қоймастан,
Жаныңа жылу шашатын.

Жиырма төрт балам бар дейтін,
Біздерді ойлап қам жейтін.
Барлығымызды шын сүйіп,
Ешкімді жарып бөлмейтін.

Зейнеш Қабдешқызына,
Мың алғыс бүгін аз болар.
Мәңгілік біздің жүректе​ -
Есімі Оның сақталар!

Абай елінен осында​ ​ -
Құт болды келген қадамы.
Қаншама шәкірт оқытып,
Дайындады ұрпақ саналы.

Төртінші​ "ә" - де он екі ұл,
Он екі қыз бар дәл қазір.
Барлығы асқан дарынды,
Оза шапқан жүйрік кіл!

Жиырма бір қазақ болғанмен,
Үшеуі өзге ұлт өкілі.
Қазақтың тілін құрметтеп,
Біздің мектепте оқиды.

Орыс қызы​ - София,
Жан-жақты талант иесі.
Коньки, скейт, велосипед,
Тау шаңғысын да тебеді.

Каллиграфия,​ нобайлау,
Суретші һәм модельер.
Жүзуге де қатысып,
Барлығынан бар дипломы.

Ұйғыр қызы​ - Ясмина,
Елгезек, пысық,​ белсенді.
Тәрбиелі ерекше​ -
Қылықты және сүйкімді.

Түрік қызы​ - Милана,
Төрайым болған сыныпта.
Би билеп,​ ән де шырқайды,
Мінезі көркем,​ сөзге ұста.

Үш қыздың​ ата-анасы,
Ойлаймыз лайық құрметке.
Мемлекеттік тілді үйреніп,
Болып жүрген үлгі елге.

Заңғар ,Әділ, Әнел де,
Көзайымы халықтың.
Ән айтса елдің жүрегін,
Тербеген сұлу дауысты.

Зайнаб өлең оқу мен,
Суреттен болды табысты.
Талай жарыстан жүлделі,
Бермей келеді намысты.

Жасмин, Жанат, Аружан,
Республикадан топ жарған.
Лауреат болған бишілер,
Күтеміз жеңіс мол алдан.

Мұхаммедәли​ Рауанмен,
Қатысып жүр боксқа.
Махамбеттей батыр боп,
Қарсы атылмақ дұшпанға.
Жұдырықтасып рингте,
Жарысқа жиі шығып жүр.
Болашақ чемпион ұлдардың,
Есімдерін сен де біл!

Жанболат,​ Дархан, Батырхан,
Боламыз дейді кәсіпкер.
Өнертапқыш ұландар,
Слайм жасап сатып жүр!

Домбыра шертіп Аружан,
Оюлы сырмақ тігеді,
Қазақтың салт пен дәстүрін,
Бір кісідей біледі.

Нұрәлі күреске қатысады,
Барыс болмаққа ұмтылып.
Балуан болар бала бұл,
Жаттығып жүр, құлшынып.

Мағжан жүр әлден шынығып,
Әскери маман болмаққа.
Ерасыл, Жандос халыққа,
Мейрамхана салмаққа.

Сағыныш заңды зерттеуде,
Арманы - болу әділ сот.
Ал Ажар қыз аспазшы,
Пісіре алады тәтті торт.

Жасмина тігін дизайнер,
Көрсетем дейді сәнді үлгі.
Ал Шолпан болып ютюбер,
Хабар бөліспек маңызды.

Біз әлі үлкен емеспіз,
Сонда да айқын мақсаттар.
Арманға жедел жетуге,
Дайындық жасар уақыт бар!

Жоспармен жүріп - тұруды,
Үйретті бізге мұғалім.
Көк туды көкке көтерер,
Боламыз елдің ұланы!

Өкінішті тек​ апайдың,
Қоштасып бүгін​ қалғаны.
Мектепті аяқтағанша​ -
Неліктен бірге болмадық?!

Сағынсақ бірақ шауып кеп,
Бір көріп кетіп жүреміз.
Екінші ана атанған​ -
Ұстазымыз деп білеміз!

Үлкен өмірге өткенде,
Келерміз тағы жиылып.
Еңбекпен тапқан дүниеден,
Ерекше әсем сый қылып!

Біз жайлы шағын естелік,
Аяқталады осымен...
Бастауыш қалды қоштасып,
Күтеді бізді жаңа әлем...!






Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз