Өлең, жыр, ақындар

Үш қатынды бір кісі

  • 11.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1264
Бір кісі бұрынырақ еткен кезде,
Бізде емес, уәлаяты бөтен жерде.
Үстіне бір қатынның екіншіні ап,
Жүріпті білдірместен бір-біріне.
Үшеуге жеткізіпті әйел санын,
Қызыққа батып солай о шіркінді.
Патшасы бұндай істі жеккөретін,
Кісі екен соған бір күн хабар тиді.
Падиша ашуланып қаһарланды,
Шақырып сол кісіні алдына алды,
Болғасын біраз ұрсып ашуын басып,
Апарып барлық ісін сотқа салды.
Және де әкімдерге қаһар қылды,
Әр істен сақта, алла, бұл сықылды,
Жазаның ең қаттысын етіңдер деп,
Халқына ғибрат үшін бұрын-соңды.
Егерде үкімдерің жеңіл болса,
Өздеріңді дарға асам деп патша тұрды,
Болмады судьяға бұл іс оңай,
Патшаның қаһар еткен сөзі солай,
Ойланып үш күн, үш түн өзді-өзі боп,
Түсіпті қиындыққа талай-талай.
Әртүрлі бұған етсе жазалар көп,
Дарға асып өлтіретін қорлық қылып,
Mіне болып одан бірақ іс өнген жоқ,
Көңіліне қорқу кіріп халық түзеліп.
Шақырды үш күннен соң айыпкерді,
Жиылып қызық көріп халық келді,
Бір ғажап таң қалдырып күлді жанға
Қатынның үшеуін де соған берді.
Қатынның үшеуін де жігіт алып,
Қамады бір үйіне алып барып.
Дал болып сол байғұстың сәні кетті,
Бейбақтар шу қылғансың қиқу салып,
Ал енді құтылуға жер таба алмай,
Екі күн зорға жүрді өліп-талып.
Естідік үшінші күн өліпті деп,
Мойнына әлгі жігіт арқан салып.
Тәуба етіп жатыр халық бұны естіген
Көңіліне қорқыныш кіріп бір іспенен
Үшеу түгіл сол патшада екі қатын,
Сақтанып бұдан былай алмады ешкім.
Алынсын енді ғибрат үшбу сөзден
Ап-анық тұрған шақта көріп көзбен
Қазақтар да он-оннан қатын жинап
Ақымақтар көп қорлықпенен күн еткізген.
Шариғат бірден артық ұнатпайды,
Көп қылып ұштамасаң бәрің бір тең.
Үйде ұрыс, күнде керіс дамылың жоқ
Көп қатын кесірінен сол кісіге.
Ол дозақ дүниеде ойлап білсең.
Басыңның қадыры жоқ үй ішіне
Болса егер кім көнбейді алла ісіне,
Асылып езі өлгенін қанша кейін



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қасқыр менен тырна

  • 0
  • 0

Қасқырдың есітуге аты жаман,
Қайтадан қалыпқа енбес дәті жаман,
Түзеліп лауахазда кісі болмас,
Шыққаннан дүниеге болса надан.

Толық

Қасқыр менен кісі

  • 0
  • 0

Жауызға шамаң келсе етпе рақым,
Жейтұғын жиіркенбестен кісі хақын,
Ешуақытта жақсылығыңды пайда білмес,
Артынан жамандығы тұрар жақын.

Толық

Көлбақа менен юпитер

  • 0
  • 0

Батпақты тастап бақа, болғасын жаз,
Орын ап тау басынан болып жүр мәз,
Су көп қой ол уақытта әрбір жерде
Үй салып рақаттанып тұрды біраз.

Толық

Қарап көріңіз