Өлең, жыр, ақындар

Бүгін менің көңіл –күйім тамаша,

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Бүгін менің көңіл –күйім тамаша,
Мәз боламын, жүгіріп жас балаша.
Тоқтата алмай күлкімді,
Кенеледі жан – дүнием керемет бір қуанышқа.

Сені көрем айданда,
Сен тұрсың ғой жанарда.
Іздеймін сені елеңдеп,
Көрінер көзге қайданда.

Елестетіп өзіңді,
Ән мен жыр да төгілді.
Саған деген сағыныш,
Дауылдай мені әкетті.

Тамаша бүгін менің көңіл- күйім,
Іздеймін сені жұрттың ішінен дүйім.
Келер деп аңсаған жүрек,
Айта бергісі келеді саған тілек.

Тамаша бүгін менің көңіл- күйім,
Күтумен өтеді ғой талай күнім.
Бақыттан айналады бас дегенің,
Атқандай алыстағы таңым менің.

Көтеріп көңілімді бір шырқаймын,
Мұңайып көңілімді мен жықпаймын.
Сенемін сенің келеріңе,
Күтуден еш жалықпаймын.

Тамаша әр бір күнім тамаша,
Кездесерміз қалқам бір оңаша.
Кездестірген сендей сұлу ақ қуға,
Ризамын мен тағдырыма.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бүгін менің көңіл –күйім тамаша, өлеңінің авторы кім?

Гульнази Назарова — осы өлеңнің авторы.

Бүгін менің көңіл –күйім тамаша, өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бүгін менің көңіл –күйім тамаша, өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гульнази Назарова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бүгін менің көңіл –күйім тамаша, өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.