Қазақ деген батыр ел ғой мәңгілік – Әмір Әділет Нұркенұлы

Бұл бетте «Қазақ деген батыр ел ғой мәңгілік» атты Әмір Әділет Нұркенұлы жазған ерлік туралы өлең берілген.

Қазақ деген батыр ел ғой мәңгілік,
Ат үйретіп, көкпар тартқан сән қылып.
Қазы, қарта, қымыз, қымыран төл азық.
Бабалардың жолына еріп жалғасып.

Ауыл барып атқа мінген бір бакыт,
Тазы итіңді ертіп алып аңға шық.
Табиғатқа боласың сен шын ғашық,
Араласып тұрайықшы сыйласып.

Бір-біріңмен ұйымшыл бол қазағым,
Ұлтым үшін осы өлеңді жазамын.
Басқа елге еліктеген не теңің,
Көк бөрідей мықты болсын өзегің.

Қазақ деген үлкендерді сыйлаған,
Қарындасын өзге ұлтка қыймаған.
Келешегін ойлайықшы ұлтымның,
Арын сақтап қалайықшы ұл-қыздың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері