Өлең, жыр, ақындар

Өзім туралы…

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Ешқашан ешкімге дәлелдемеймін
Жүрегімнің пәктігін әлемге мейлі
Егерде айтса ауыз деп сенбеймін
Жүректің тілін ғана мен елеймін

Өзгеге өзімді ақтап алмаймын
Сөзге түссем жақтап алмаймын
Сынап мені көрсеңіз жарар
Өзімді өзім мақтап алмаймын.

Алламның алдында жауабым бар менің
Өзгенің сөзі тауып кетер өз теңін
Адамның пейілі барымен бөлісер
Жақсысы жақсымен, жаманы өзі білер

Жүрекке адалдық тілеймін баршаға
Өкпем жоқ ешкімге айтарлық соншама
Сұғылған қанжардан қансырап тұрсамда
Барыммен, балыммен бөлісемін сонда да.

Қамшының сабындай берілген ғұмырда
Ашумен ызамен өткізбей жуырда
Сыйласып сырласып түсінісіп өтейік
Бақыттың кілті әр жанның өз қолында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзім туралы… өлеңінің авторы кім?

Бақытгүл Қалдарбек — осы өлеңнің авторы.

Өзім туралы… өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Өзім туралы… өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бақытгүл Қалдарбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзім туралы… өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.