Қу тіземді құшақтадым – Әмір Әділет Нұркенұлы

Бұл бетте «Қу тіземді құшақтадым» атты Әмір Әділет Нұркенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Құшақтасың,
Аймалап құлаштадым,
Махаббаттың,
Өшпестей отында едім.
Жеттім бе?
Сезімімнің шегіне деп,
Оянғанмын,
Түсіме қона алмадым.
Өңім бе еді,
Түсім бе еді?
Қу тіземді құшақтадым.
Махаббат,
Тыңдауға көнер емес,
Бей-жай қарап,
Көңілге кете алмадым…
Табиғат жаратқандай,
Қу өзімді.
Болсын деп жалғыз,
Өзі қара басты.
Сиқыры махаббаттың,
Өлтірді ме?
Бақытты болмасын деп,
Өмір бақты.
Көрмейді көз,
Өзіңнен өзгелерді.
Жүректі езді,
Жалғаның екі жүзді…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері