Тар боп қапты көйлегім – Байбота Қошым-Ноғай

Бұл бетте «Тар боп қапты көйлегім» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бірнеше рет жуылып,
Қысқарыпты көйлегім.
Етек-жеңі шуылып
Тар боп қалған ғой дедім.

Саған берем мен мұны,
Ең кішіміз үйде сен.
Көйлегімді
Енді кім,
Киеді,
Сен кимесең?!

Тұрған жоқ тым ескіріп,
Қуыршағым,
Қарашы!
Қалғанда сен ес біліп,
Әпереміз жаңасын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері