Көктемді сағындым – Байбота Қошым-Ноғай

Бұл бетте «Көктемді сағындым» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мүлгіп жатыр мұңды қыр,
Қар жауып тұр далада.
Қонақтайтын сынды бір
Көлге мың сан шағала.

Көзім талды көп қарап,
Қылаулаған қарға мен.
Қар секілді ақ парақ
Кенет тауып алған ем.

Қолға жасыл,
Сап-сары
Қалам түсті,
Жарайды.
Салдым сосын бақшаны
Күнді күлген арайлы.

Күн алтын нұр төгеді,
Ойға шомып,
Қамықтым.
Көктемді мен себебі,
Сағынып-ақ қалыппын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері