Қарлығаштың мекені – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Қарлығаштың мекені» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Адамзаттың ардағы,
Азаматтың арманы –
Қарлығаштың мекені –
Қарлы таудың ар жағы.
Көңілімді қалдырды,
Дүниенің жалғаны.
Асқарға мұз қатады,
Асу бермей жатады.
Қарлығаштың төсіндей
Ағарып таң атады.
Қарындастың қалғаны,
Қабырғама батады.
Адастырмай табатын,
Ақ жұлдызым жанатын,
Тоса-тоса өзіңді,
Таусылды ғой тағатым.
Қарлы таудан ассаңшы,
Қарлығашым – қанатым!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері