Қобыз-жүрек – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Қобыз-жүрек» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қобыз үнін тыңдашы, керемет қандай,
Ғасырларды қиялмен аралатқандай.
Қорқыт бабам оралып көне заманнен,
Желмаясын желдіртті келе жатқандай.
Бүкіл дала боздаса бозінгендей бір,
Бауыр еті қазақтың езілгендей бір.
Қобыз-жүрек қайғысын сезінер кім бар,
Аққу құстың жүрегін сезінгендей бір?!
Көне сазы қазақтың асқақ армандай,
Әлдиінен бесіктің бастау алғандай.
Қозы Көрпеш – Баянның зарын оятып,
Махаббаттың жанарын жасқа малғандай.
Бабалардың жан сыры бізге жеткендей,
Алмасады бұл өмір күз бен көктемдей.
Жүрегінен адамның жылу іздейік,
Асан қайғы Жерұйық іздеп өткендей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері