Өлең, жыр, ақындар

Аққуым

Құштар еді гүл-көктемнің лебіне,
Көктемменен бірге еді оның демі де.
Әлденеден кетті ме екен шошынып,
Аққу құсым оралмай жүр көліне.

Көктемге еріп, көк шалғынды белеңмен
Құстар ағып кетіп жатыр өлеңмен.
Батар күннің шұғыласына малынып,
Жалғыз аққу өтпеді ме төбеңнен?

Ақ нұр еді, балғын еді өзі де,
Жолықтың ба налып жүрген кезіне.
Айдын көлде жәудіреген жанары
Жалғыз аққу түспеді ме көзіңе?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кең далам

  • 0
  • 0

Кең далам - Сағи Жиенбаев
Туған далам, сенің аппақ көп құсың
Кең дүниенің шарлап – сүзіп кетті ішін.
Бір жарқ етіп түспедім ғой көзіңе,

Толық

Жан сәулем

  • 0
  • 0

Жан сәулем
Мен сені көп іздедім асу-белден,
Жайқалған жасыл орман, жасыл көлден.
Сағи Жиенбаев

Толық

Айнам-ау

  • 0
  • 0

Айнам-ау - Сағи Жиенбаев
Ойда жоқта жолыққан, қарындасым, айнам-ау,
Қайда жүрсең, сен менің жадымдасың, айнам-ау.
Қапияда көз жазып қалып едім, айнам-ау,

Толық