Өлең, жыр, ақындар

Екеуі бірге жырлап

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

(Еркеғали аға мен Клара жеңгейге)

Болыпты елу жылдай, алтын ағам,
Жеңгеме қосылғалы жарқыраған.
Қаншама содан бері күндер ақты,
Бұлақтай таудан төмен сарқыраған.
Ғұмырдың тең бөлісіп бар қызығын,
Сыйлады бір-біріне жан қызуын.
Ағамның бекзаттығы жаннан бөлек,
Жеңгемде тектілігі хан қызының.
Екеуі бірге жырлап өмір жырын,
Жайнатты әр күн сайын көңіл гүлін.
Ұядан ұл өсірді, қыз өсірді,
Өрбіткен қос аққудай көгілдірін.
Ағаның баққан жеңге қас-қабағын,
Ортайтып көрген емес тостағанын.
Қазақтың қадірлісі енді екеуі,
Қасқайып төрінде отыр Астананың!
Кетпестей таңдайынан астың дәмі,
Дәм татқан туыс пенен достың бәрі –
Жиналып көрген емес ақ дастархан,
Киелі шаңырақтың астындағы.
Бұл үйге нұр сәулесін төгеді ақ таң,
Отындай жас отаудың жаңа жаққан.
Аяулы қос жүректен айналайық
Елу жыл бірге соғып келе жатқан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екеуі бірге жырлап өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Екеуі бірге жырлап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Екеуі бірге жырлап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екеуі бірге жырлап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері