Жаңалық – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Жаңалық» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жақып жақын арада,
Түнеп шығып далаға,
Жаңалықты өзi ашқан
Жайды барлық балаға.
– Байқадың ба, түнде сен,
Мен айтайын бiлмесең,
Қараңғыда адаспай
Қалай ұшып жүр десем?
Алды менен соңына,
Жарық берген жолына.
Болады екен шамдары
Ұшақтардың қолында...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері