Өлең, жыр, ақындар

Қой жасаған той

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 350
Жазғытұрым жайлауға,
Жиналғанда барлық қой.
Он жылдығын тойлауға,
Ниет еттi,
Саулық Қой.
Жылда табар егiзден,
Бiлетiн Қой өз iсiн.
Шақырды ол емiзген,
Тойға он сегiз қозысын.
Қой отырып қараса,
Немерелер баршылық.
Шөберенi санаса,
Келген екен шаншылып.
Өсiп-өнген тұқымы,
Қой бақытты мал екен.
Неменелер бұл күнi
Қисапсыз-ақ сан екен.
Туажаттың қаптаған,
Есебiнен жаңылды.
Дəл есебiн таппаған
Қой
Алжасып, аңырды.
Кең жайлаудың төсiне,
Сыймай кеттi келгендер.
Табылмады өзiне
Дəл есебiн бергендер.
Саулық қойдың
Өзi мен
Тұқымының жүнiнен,
Қаншама жiп есiлген,
Қаншама жiп иiрген!
Жүннен тiккен жүздеген
Костюм келген, жейделер.
Саулық Қойға бiз деген
Бай таппадық тең келер.
Сырып тiккен терiден,
Талай-талай тон да жүр.
Сырты момын көрiнген,
Арман бар ма Қойда бұл.
Созбалақтап не керек,
Орасан зор той болды.
Бəрiнен де керемет,
Той жасаған Қой болды.
Бар ма, сiрə, айтары,
Бiзде басқа ой бар ма?
Бəрiнен бай,
Пайдалы
Мың рахмет Қойларға.
Көрiп отыр көздерiң,
Айтыңдаршы үкiмiн.
Есептеп ал, өздерiң,
Оның ұқым-тұқымын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Апорт

  • 0
  • 0

Апорт дейтiн алма бар,
Жер жаратын атағы.
Ондай алма қайда бар,
Алматы – оның Отаны.

Толық

Қамқор

  • 0
  • 0

Ойнақ салып бұзауым,
Қарашы үйден ұзауын.
«Ойна, – дей ме, – берiрек»,
Енесi тұр мөңiреп.

Толық

Төрт түлік

  • 0
  • 0

Ұстап жүрсе жүгендi,
Жылқышы деп бiл ендi.
Қолда жүрсе көгенi,
Мен қойшымын дегенi.

Толық