Ей, табиғат – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Ей, табиғат» атты Жарылқасын Аманұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.

Ей, табиғат, еркелеткен көп ұлыңның бірі едім,
Көкірегі – күй мен күмбір, тұла бойы жыр едім.
Саған деген ынтызарым бір басылмай қойды ғой,
Қалай ғана мамыражай кірпігімді ілемін.
Қалай ғана лауламаймын, қалай ғана жанбайын,
Саған деген құштарлықпен кеуіп кетті-ау таңдайым.
Ей, дүние, белесіңнен белгісіздер көп өтті,
Белесіңде бір белгі боп, айтшы, қалай қалмайын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері