Естімесем шырылын – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Естімесем шырылын» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Естімесем шырылын,
Шегірткенің шөлдегі.
Естімесем құрылын,
Құрбақаның көлдегі.
Естімесем дүбірін,
Сәйгүліктің белдегі.
Естімесем күбірін,
Кемпір-шалдың елдегі.
Кетер дегбір, тынымым,
Сағыныш сол мендегі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері