Жаз жайлау – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Жаз жайлау» атты Бақыткерей Ысқақ жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 03.02.2016
  • 0
  • 0
  • 8846
Жаз жайлау неткен кең еді.
Жұпарын желмен төгеді.
Балдырған тілді бұлақтар
Құлдилап шауып келеді.
Ұшқан құсқа сорғалап,
Жаяды төсін шартарап.
Құлын, тай тұрмас орнында
Бір-бірін қуып, жорғалап.
Жұмыртқадай ақ үйлер,
Төгіліп тұрған ән күйлер.
Жұп - жұмсақ алақанымен
Жаз жайлау, бәрін-әлдилер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері