Бұл бетте «Жеті ата» атты Серікбай Оспанов жазған ата туралы өлең берілген.
-
admin
- 16.02.2024
- 0
- 0
- 1108
Білген жақсы екен ғой,
Білмейтін көп мұны, əттең.
Біріншісі – əкең ғой,
Екіншісі – ұлы əкең.
Үшіншісі – ата ғой,
Төртіншісі – ұлы атаң.
Олар қарттар батагөй,
Бата да ақыл, біл, қалқам.
Бесіншісі – бабамыз,
Алтыншы – ұлы бабамыз.
Бəрі – абыз, данамыз,
Үлгі-өнеге аламыз.
Жетінші – арғы тегім де,
Немесе оны ру де.
Жүрсін есте, көңілде!
Жеті атаңды ардақтап,
Білсең, əзір жетеді.
Білмесең, біл, ал жаттап,
Білген бала – жетелі!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі