Қайырым – Серікбай Оспанов

Бұл бетте «Қайырым» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Атаңа көмек бердің бе,
Апаңа көмек бердің бе?
Қайырым жасап жүргенің,
Қалқам-ау, онда сен күнде!
Құлаған қартты көрдің бе,
Қолұшын оған бердің бе?
Анаға көмектесіп сен
Еңкейіп шие тердің бе?
Қайырым жасап жүргенің
Қалқам-ау, онда сен күнде!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері