Қарлығаштар
Бұл бетте «Қарлығаштар» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 28.02.2024
- 0
- 0
- 1053
Кезек-кезек шөп əкеліп,
Ұлпа жүнді көп əкеліп,
Таңдап алып қия жарды,
Қарлығаштар ұя салды.
Ешкімменен таласпады,
Күнде естілер жарасты əні.
Мен де соны жаратамын,
Жақсы көрем балапанын.
Қарлығаштар тамақ теріп,
Барлық жерді шарлап көріп,
Үйге қарай зуылдайды,
Балапандар шуылдайды.
Ауыздары ашылады,
Тамақ жеуге асығады.
Көрдіңіз бе кереметті,
Бөліп жейді көбелекті.
Балапанын бағып жүрдім,
Құрт-құмырсқа салып жүрдім.
Тез ер жетті тамақтанып,
Ұшып кетті қанаттанып.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі