Бəрекелді! – Серікбай Оспанов

Бұл бетте «Бəрекелді!» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Апасы айтты:
– Жұмсауға жарап қалыпты,
Бүгін Қанат нан əкелді!
Атасы айтты:
– Бəрекелді!
Ағасы айтты:
– Мектепте кеше жарыс боп,
Озып Қанат дара келді!
Атасы айтты:
– Бəрекелді!
Дегізген кіл «Бəрекелді!»
Үлкен жігіт Қанат енді!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері