Мұң патшасы – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Мұң патшасы» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Қарап тұрған жалғыз жанар тесіле,
Ай көзінен сіңдіріп мұң төсіме.
Тәнсіз жүрек ақтара сап қайғысын,
Төне қалды бұлт көйлегін шешіне.
Қызғанды ма? Нұрын тыйып сөнді Күн,
Айдың ұлы мен емес пе, енді кім?
Бөтен бәрі, жүрегімді ұқпайды,
Жерден Айға көшіп кетем мен бүгін.
Қонақ келді, жүрегіңе кірсін бе?
Аппақ шашын жайды білем, күрсінбе.
Айға кеттім шаштарына жармасып,
Жаным, мені жерден таппай жүрсің бе?
Мұң бар дедің, құшағымды жайдым мен,
Білесің бе?
Сол бір мұңым, қайғым сен.
Жалғыз жүрсем алған мені асырап,
Ұлы болдым мұң патшасы Айдың мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұң патшасы өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Мұң патшасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұң патшасы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мұң патшасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері