Өлең, жыр, ақындар

Сөздерді дұға көруші едім

  • admin
  • 22.04.2024
  • 0
  • 0
  • 394
Сөздерді дұға көруші едім,
Сенім бе,
жұлдыздар ма өшетін?
Қызарып қалған гүлден
ұялып барам,
кеше гөр...
күнә жасаудан жалықтым, білсең,
...атама.
Өтінем, ұшшы жазерке күлген,
Қолыма қонсаң
өлтіріп алам, о тоба!
Телефоныма жауды хат борап,
Кешірім өзі – ақ қана...
Ал мен болсам сүрте беріппін
Сөздердің жасын – қап қара.
Жұбата алдым ба өмірді
кірпігім ашып ақ гүлді?
Жапырақтар да шапалақ ұрып,
Қарсы алып тұрды...
...бәрін де түсіндім,
Құдай-ай
не деген мамық,
не деген ыстық
алақандағы құсымды
жүрегіме басам деп
өлтіріп алдым,
солай ұшырдым...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жырланған ғалам

  • 0
  • 0

Өшпейтінді қалайша өшіремін,
Ілеседі бұлттардың көшіне мұң.
Жаратқанның жаратқан туындысын,
Көшіремін өлең ғып, көшіремін.

Толық

Жалғыз қаламын сені есіме алу үшін

  • 0
  • 0

Әдемі көздер, шұрайлы сөздер айласы бар,
Аңсаймын досты жүзінде нұр бар Айға сыңар.
Бақытты шақта қасымнан ылғи табылған,
Әй, бәтшағарлар, қайдасыңдар!?..

Толық

Сынық Аймен сырласады қайың жалғыз...

  • 0
  • 0

Сынық Аймен сырласады қайың жалғыз,
Суық маңнан біз кетеміз, дайындал, қыз.
Орамалмен қара түсті оранған бұлт,
Сары, қоңыр теңіздермен шайылған күз.

Толық