Мамыр – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Мамыр» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ауыл,
...дауыл азынайды тал үстінде,
Төсекте шам дір-дір етед әл үстінде.
Сәл ұшымен бос бөлмені түртіп көріп,
Ауыр түнді көтеріп тұр кірпіктерім.
Жанарыма Айдың мөлдір нұры тамып,
Жүрегіммен мамырымды жылытамын,
Мамырымның жасыл жаны,
мен де жасыл
үмітімді саусағыма гүлдей ашып,
ұшырар ем, жарық көрсем қылаудай бір,
өсірер ем, тамшы көрсем жылаудай бір...
көнгіш мамыр мойнын созса көк әлемге,
Түнді сүйеп жұлдыз тұрар шегеленген,
жел қаққанда бос қанатын төбемде үдеп,
жұлдыз ақты, бұл өмірге менен де өгей...
Боз сәулені жақтауға кім қойған төсеп?
Азан даусы түскен екен, Ай ма десем.
Енді, жылу сұрап тұрмын ала таңға,
Мамырымды көтеріп-ап алақанға
жылап тұрмын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері