Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

"ӨЛЕҢ" дейді біреулер

Бұл бетте «"ӨЛЕҢ" дейді біреулер» атты Қайрат Тілекқабылұлы жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Күннен күнә іздеткіш, Айдан күдік,
Қайдан жұққан мінез — бүл?
Қай заңдылық?
... өмір сүріп жүрмін сол әдетімше:
Майдан емес өмірді майдан қылып,

Біреулерге айтуға бата алмаған
айтарымды өлеңге айналдырып
жүрген бетім (дәм болсын) ақынға ұсап,
шатпақтап тек парақты ойран қылып...

Расы, әйтеуір, шимайым
қоймасы анық
Анау дүлей ақынды ойландырып,
болмаса тек жүргенім сол арқылы
шер тарқатып бойымнан, қайғы алдырып.

Алты аланың ішінде құлаға ұсап
көңіл — өгей, өліара тұрады шақ,
Өмір — тәтті, арманым — аппақ қана,
Еңсем, бірақ, тым жиі құлағыш-ақ.

Білемін ғой, өмірлік майдан жайлы
қай "майдангер" қаймығып ойланбайды?!
Сұрайтындар сонда да жетіп жатыр
"Жас басыңа қонды, — деп, — қайдан қайғы?"

Сыр білдірмей ешкімге, Айдан әрі
ұшып кеткім келеді
жәй ғана,
Бұл
жүрегімде менің-ақ жалғыз ғана
бітпегендей көрініп майдан әлі.

Бөле алмайтын жерге дым тынысымды ой,
Ұшар ма едім мен өзім, жыр ұшырмай...
... "өлең" дейді біреулер,
Қайдағы өлең?!
Менің ол, тек майдандық қылышым ғой...

Қайрат Тілекқабылұлы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

"ӨЛЕҢ" дейді біреулер өлеңінің авторы кім?

Қайрат Тілекқабылұлы — осы өлеңнің авторы.

"ӨЛЕҢ" дейді біреулер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

"ӨЛЕҢ" дейді біреулер өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

"ӨЛЕҢ" дейді біреулер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері