Өлең, жыр, ақындар

Ұстаздарға арнау

Көңіл-күйім түрленді,ойым тармақ
Қоштасар сәт жүрекке салар салмақ
Жасымнан балапандай болып кеткен
Мектебімде тек қана атым қалмақ
Егілмес жасыл желек құм болмаса
Тек қуаныш болмайды мұң болмаса
Мектебіме алғыс айтып тауыспаспын
Арнайын мен бір өлеңімді тым болмаса.
Ақында сенен шыққан дана мектеп.
Батырда сенен шыққан дара мектеп.
Күйші де , күміс көмей әнші болсын.
Өзіңнен түлеп ұшқан Ана мектеп
Ұстазым күннің қызыл нұрын берген.
Жүзінен айналайын күлімдеген.
Шәкірттерім білім алып өссін деп.
Бәрімізді жақсылыққа жетелеген
Сезілмеген қасиетті өзгеден,
Сырын білем көкіректегі көзбенен.
Ұстаздарды мектептегі сипаттап
Жыр жаздым мен жүрекжарды сөзбенен.
Жол ашып алға, қиялымды ұштаған,
Мауе апайым, сеніміңіз күш маған.
Жұлдыздай жарық үлгі тұтқан өмірде,
Ұстазымсыз шыңына таудың бастаған.
Алда талай бағындырам белесті,
Қайрат тасып, айдарымнан жел есті.
Маған берген жауһар, асыл ойыңыз,
Ешқашан да тартпақ емес көмескі.
Апайлардың сұлулығы өзгермес,
Биология бір пән өзі бір белес,
Гулбанудай апайыма,
Мұғалімнің еш біреуі тең келмес.
Біз сүйетін үлгі болған апайым,
Ол кісіні мақтап енді айтайын,
Құралай апай дана ұстаз, ғажапсыз,
Білім беріп ағарған ғой самайың.
Жарқын жансыз қаншалардың тілегі
Қолдағанды қиын сәтте біледі
Айманай дай апайдың сөзі пейіл
Талай жанға болар әлі керегі.
Сыныбымыз бірлікпенен ұйысқан,

Теріскейден жақсыға бет бұрысқан.

Света апай, өзіңіздің арқаңыз,

Көрсете білген әр уақытта нық ұстам
Зинеш апай тірегісіз мектептің,
Жұлдыз апай жүрегісіз мектептің,
Гулсара апай сүйеуісіз мектептің,
Барлығыңызға алғысымыз шексіз ғой,
Жүрек жарды сыйы бұл жас түлектің.
Ұжымы алтын ұя мектебімнің
Біздер үшін ерекше бүгінгі күн
Сіздерге алғысымды білдіремін
Сізде оқып,сізде өсіп көктегенмін.
Ақылымды ойым мен зерделедім
Білімнің кемесіне жетеледім
Қандай да жетістігім болса менің
Ұстаздарым,үлесі ол дер едім
Армандаp алға бізді жетелейді,
Мақсатқа жетем буып,бекем белді
Сыңғырла бүгін соңғы қоңырауым.
Сыңғырла,сыңғырыңды сағынармын
Балалық бал күнімнің естелігі
Тұрғандай ақ жол тілеп маған әр күн



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз