Түседі өлең десе қайғы-шерім – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Түседі өлең десе қайғы-шерім» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Түседі өлең десе қайғы-шерім,
Шығады айқайласам ащы терім.
Басылмас ауызымды ашқан, мен бір көрік,
Барады ықыласыңа көңілім еріп.
Жел сөзді тəңірім берген неге аяйын,
Шашылған несібемді жүрмін теріп.
Мақтанба, малым бар деп бағыңызға,
Бағыңыз тұрса жақсы тағыңызда.
Саныңды ауызыңды ұстап бір соғарсың
Басыңнан бағың тайған шағыңызда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері