Өлең, жыр, ақындар

Ат сұлу, айғыр мықты жалыменен

  • admin
  • 09.08.2024
  • 0
  • 0
  • 479
Ат сұлу, айғыр мықты жалыменен,
Батыр мықты, бай күшті малыменен,
Жеті жұртты билеген би болсаң да,
Əркімді алсын құдай табыменен.
Білімсізге не керек біл демесе,
Сыйлағаны сол болар тілдемесе.
Шақырусыз адамның қадірі жоқ,
Өзі кеп, біздің үйге жүр демесе.
Жаман болып, не керек тірі болып,
Тірі жүрген көп жанның бірі болып,
Сары алтындай толқыған қайран нұрым
Бетімізге жабысты сірі болып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ағайын жат болады, алыс болса

  • 0
  • 1

Ағайын жат болады, алыс болса,
Жат та жақын болады, таныс болса.
Дұшпан түгіл. Достарың табалайды,
Аяғың бір нәрседен шалыс болса.

Толық

Екі арыстан жабылса, дəуді өлтірер

  • 0
  • 0

Екі арыстан жабылса, дəуді өлтірер,
Ажал жетсе аурусыз сауды өлтірер,
Қаныпезер бұзақы жігіт болса,
Шал Құлекеұлы

Толық

Мешкей кәрілерге айтқаны

  • 0
  • 0

Айта берсең таусылмас Шал кеңесі,
Мешкейдің жіліншік өтер кең өңеші.
Алдына келген асты жаудай шабар,
Басқаның болса - дағы несібесі.

Толық