Зайсан туралы ән – Құмарбек Сыдықов

Бұл бетте «Зайсан туралы ән» атты Құмарбек Сыдықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жүрегімді күй боп тербей,
Алау атып жүрсің сөнбей.
Сүйсе перзент өз анасын,
Сүйсе сені сүйсін мендей.

Қайырмасы:
Зайсан – таулар, Сайқан, Сауыр,
Зайсан туған дарқан ауыл.
Зайсан – сәнім шалқар көлім,
Зайсан – әнім айтар менің.

Сенде туып, өстім сенде,
Кем болғам жоқ ешкімнен де.
Қатайтып сен қанатымды,
Самал болып естің белде.

Қайырмасы

Сымбатыңа табындым мен,
Өренің боп табылдым мен.
Жақын жүрсем жаным жаздай,
Алыс жүрсем сағындым мен.

Қайырмасы

Өтер уақыт, өтер жыл көп,
Көкірегімде тұндың сыр боп.
Жан толғантар Зайсан-дастан,
Болашаққа жетер жыр боп.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері