Сараның соңғы әні – Тәңірберген Қалелаханов

Бұл бетте «Сараның соңғы әні» атты Тәңірберген Қалелаханов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қызы едім Тастанбектің атым Сара,
Өзіммен өлеңімді кеттім ала.
Соңғы рет шамам келсе бір сөйлейін,
Кейінгі айта жүрсін қыз-бозбала.

Қайырмасы:
Қалқымды қымбат қия алмай,
Көзімнің жасын тыя алмай.
Келмеске кетіп, келмеске кетіп барамын,
Кең дүниеге, кең дүниеге сыя алмай.

Көп сәлем халқымның ең қариясына,
Жасы үлкен ақылдың кең дариясына.
Қалайын ақырғы рет арыздасып,
Тұрғанда тілім сөйлеп жан ұясында.

Қайырмасы:
Ай-хой дүние жалған-ай,
Аяқты ажал шалған-ай.
Аспандап ұшқан, аспандап ұшқан аққу ем,
Қанатым сынып, қанатым сынып қалғаны-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері