Тұрса да әлі сағынышы басылмай – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Тұрса да әлі сағынышы басылмай» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тұрса да әлі сағынышы басылмай,
Сілкілеген сілбі шаққа бас ұрмай,
Құс қанаты суылынан шашылған
жапырақтар –күздің селдір шашындай.
Қыркүйектің құшағында сарғайған
Сары қыздың көкейінде сарнайды ән –
Самайына ақ түсіріп, ертең-ақ
Сорап жолдан күтеді деп сан майдан.
Шаңырақтың тоғынындай толған Ай,
Үркер неге үрпиеді? Тоңғаны-ай.
Керекпін деп күпісі жоқ жандарға,
Теректің кеп бұтағына қонды арай.
Жер бауырлап жатып алды сұр тұман,
Қажет болса, мақтасынан жыртып ал.
Қыс қарақшы қалт жібермей торып жүр
Қамсыз көшкен күз-керуен сыртынан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұрса да әлі сағынышы басылмай өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Тұрса да әлі сағынышы басылмай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұрса да әлі сағынышы басылмай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұрса да әлі сағынышы басылмай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері