Өмір, өмір – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Өмір, өмір» атты Сағыныш Намазшамова жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Көз алдымда көлбейді
бір қараңғы, бір жарық.
Жарығына жуынам,
Қараңғыға былғанып.
Жұмыр басқа жұққыш-ақ
Жер-жаһанның күйесі.
Кір түріммен «Кеудемді
кірпігіңмен сүйеші», -
деп жалынам қызармай
қызып тұрған нұр - Күнге.
Өлермендік менікі,
Өмір не өзі, білдің бе?
Өмір деген – дәл менің
өзім емес, көшірмем.
Өз керегін алып қап,
өзгелерін өшірген.
Өмір деген – дәл менің
Арманымның нобайы,
Орындалу үшін сәл
Келмей қалған орайы.
Өмір деген – ол менің
Аласы көп адалым,
Құбылаға бұрылған
Жамылғысыз жамалым.
Өмір деген – тамырдай
тарам-тарам жолдарым,
Биялайсыз жалаңаш
Отқа кірген қолдарым.
Тақтасындай дойбының,
Тағдыр осы бағзыдан.
Былғадың деп несіне
Құрбаның боп жазғырам,
деп келетін тәубеме,
кек көметін кезім мың.
Қараңғыны жарыққа
жалғап жатып көз ілдім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір, өмір өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Өмір, өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір, өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір, өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері