Ай сәулесі – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Ай сәулесі» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ай бетінде бедерленген бір сұлба,
Балаларды ойландырмай тұрсын ба?!
«Мама, анау Ай ішінде жүрген қыз
Кетіп бара жатқандай ғой шын суға?»
Сәби сана ұшқыр қиял-байламы,
Қызым сауал қойды маған жайдары.
Шыныменен шелегі бар қолында,
Не қылған жан жүрген сонау Айдағы?
Бұрымды қыз жерден неге жеріді?
Әлде сатып кетті сүйген серігі.
Жерден жырақ жүрген ару сыр айтты,
Сезіп тұрмын, естілмейді тек үні.
Түнде ғана көрінетін ұрыдай
Айға қарап қызықпашы, қызым-ай,
Қыз туралы... Сіз туралы ойлантқан,
Айдан түскен сол сәуленің сынығы-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері