Жасыбайдың үңгірі – Өтебай Тұрманжанов

Бұл бетте «Жасыбайдың үңгірі» атты Өтебай Тұрманжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Балалар-ау, балалар!
Баян тауға барайық.
Басып кеткен баяғы
Батыр ізін қарайық…

Жақтауы тас, мінеки,
Жасыбайдың үңгірі.
Жолын кесіп жауының
Жатқан екен бір күні.

Елім қамын етсін деп,
Жауды жалғыз бөгепті.
Жыламай ержетсін деп,
Бесіктегі бөбекті…

Жауды мұқап жасытқан
Жартастай боп Жасыбай,
Жауға тиген жасылдай
Жасыбайдың батыры-ай!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері