Ақ ерке – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Ақ ерке» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сен жақта шолпан жұлдыз тұр ағарып,
Сен жаққа қарай берем құмарланып.
Сен жаққа алқынады асау өзен
Құзынан көкірегімнің құлап ағып.

Қайырмасы:

Көктем келді бауларға,
Гүлге оранды таулар да.
Бір кездеспей екеуміз, ақ еркем,
Кетеміз бе арманда.

Әндетіп аспан деген теңізбенен,
Барады құстар ұшып көл іздеген.
Құс емес қалықтаған көк айдында,
Көңілім ол да менің сені іздеген.

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері