Наз ерке – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Наз ерке» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жайқалды тағы да көк орман,
Жайқалды құрағы жағаның.
Аққуы сенбісің оралған,
Шаттығы сенбісің даланың. 2 рет

Жайнады таулардың алабы,
Ақ сәуле тарайды көзіңнен.
Көктемнің наз ерке самалы,
Бірге еріп келді ме өзіңмен. 2 рет

Бұлбұлдың әнімен баудағы
Тамылжып атады таңдарым.
Сенбісің қызығым алдағы,
Сенбісің іздеген арманым? 2 рет


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері