Менің Республикам – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Менің Республикам» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тауды көрсең күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан,
Менің байтақ Республикам таулары,
Менің көгім - мөлдіреген сол аспан.

Дала көрсең көкжиекпен ұштасқан,
Көлді көрсең секілді бір түскі аспан,
Менің байтақ Республикам даласы,
Менің көлім теңізбен қол ұстасқан.

Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Алатаудың күндерін,
Жеріде гүл көгінде күн бір жүзген,
Ұлан - Байтақ Республикам бұл менің.


Пікірлер (1)

Aboolala

Маған олимпиадаға қатысам осыны жаттайтың болдым рахмет ????

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері