Қос жұлдыз ашылды анық – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Қос жұлдыз ашылды анық» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сал Көкше шалқып нулы,
Той бастап думан­шулы.
Қасында ақын Сара,
Біржан сал қайта туды.

Қайырмасы:
Сырлы саз асылданып,
Ән жетті ғасырды алып.
Әлемге нұрын шашып,
Қос жұлдыз ашылды анық.

Бүршігін ашқан жаңа,
Ақ гүлдей өскен дара.
Жәннат жер Жетісудан
Жарқ етті ақын Сара.

Қайырмасы.

Тайталас қарқындады,
Тасқын жыр таусылмады.
Айтысып қос дүлдүлім,
Жан сырын жасырмады.

Қайырмасы.

Байтақ ел толқып­тасып,
Тойласа әнге басып,
Барады Біржан – Сара,
Қос жұлдыз қолтықтасып.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері