Мұхит пен Қаныш – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Мұхит пен Қаныш» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Асыл аға інілерге әл екен,
Қиналғанда сол ғой ірі дәнекер.
Жақсы інісі: «Түсіп қалдым жұмыстан», –
Десе күліп, тіл қатыпты Қанекең:
«Жігіт едің қадалғаннан қан алған,
Ақиқатты сен жасырма ағаңнан.
Құштар ісің қалмайды ғой жабысып,
Бақытыңа бастаушы боп жаралған.
Бір кінәрат кетті-ау әнтек қадамнан,
Әр күніңе әл бермей ме әз арман.
Түскен жоқсың, түсіп қалды ол сенен,
Қайта кіріс, – деді, – құстай таранған...»
Не де болса ағалығын танытты,
Тегі тентек жас қыранды жаны ұқты.
Қасына ертіп Қарсақбайда Мұхитты,
Қауырт күнде көмекші етіп алыпты.

2003


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері