Жарқырайды түнде оттар – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Жарқырайды түнде оттар» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2653
Жусап жатқан шоқыдан
Жарқырайды түнде оттар.
Күндізгідей жақыннан
Көрінеді курорттар.
Қасында шың жалаңаш
Қоңсы қонған көкпенен.
Бауыры жас алма ағаш
Балаусадай көктеген.
Соғады бір таудан леп,
Желпінеді жаның жас.
Сен сұраған қайда, деп
Сонда жатыр қарындас.
1952


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері