Қарталы – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қарталы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2041
Солтүстікте бір жер бар
Аты оның Қарталы.
Қайда жүрсем Қарталы
Қиялымды тартады.
Аз ғой онда жазық маң,
Көп қой онда ормандар.
Тастамайды аузынан
Қарталыда болғандар.
Есетұғын қырынан
Қоңыр салқын кеш лебі.
Жүретұғын құрбылар
Көйлектері кестелі.
Жылы жүзді өздері
Және сондай бауырмал.
Шақыратын біздерді
Украин бауырлар.
Судыр-судыр қара орман
Сыбырлайтын кеш әнін.
Тыңдайтынбыз олардан
Өлеңдерін Лесяның.
Қалатынбыз біз білмей,
Өткендігін қалай түн.
Жалғасатын үзілмей,
Жыры Тарас, Абайдың.
Қарталыға құмартып,
Соға кеттім былтыр мен.
Құрбыларым гүл тартып,
Құшақ жайды күлкімен.
1953


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарталы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қарталы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарталы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарталы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері