Өлең, жыр, ақындар

Атам мен Арал

Сағындым сені, сағынбау сені мүмкін бе,
Сағынышымды жазып қалу еркімде,
Бірге өткен сәттерді еске алып отырсам,
Көңілге қуаныш, көзге жас келмей ме?

Сағындым сені арайлы Аралым,
Толар деп еліктеумен сынады сағым,
Барымды берер едім қайта толсаң,
Барымды берер едім артқа қайтсам!

Қайта жүрсем атаммен балық аулап,
Ақылдарын, қызықтарын қызыға тыңдап,
Қайықта зейін қойып сыбырлаған дауысқа,
Есте сақтап көбісін, одан көк сөз жасап!

Қызықтарымды атама сыбырлап айтып,
Күлгеніме балықта қорқып кетер қашып,
Кешке тамам үйге қайтпай масахана құрып
Аулаған балықтан жағада сорпа жасап.

Айдың жылы сәулесі бізді жылытады,
Түнігі аспанды ұнаттым жұлдыздары,
Аралдың айнасымен шағылысып,
Әңгімемізді комфортты етет от пышыры.

Қандай жұлдыз, қандай екен, атауы не?
Бірге жамылып балық сасыған жамылғымен
Үйреттің андрамеда, жеті қарақшыны…
Санап таусу үшін ұйықы екен бір азап!

Азаң да тұрсам масахана да жатыр екенмін,
Шелек-шелек балықтарды пикапқа тиеді көкем,
Аралдың суына бетті-қолды жуамыз,
Пикаптың артына балықтармен құшақтасып отырамын!

Сосын әрмен қауын-қарбызымызды теруге барамыз,
Тер ағып, бар күшімізді жұмысшылармен саламыз,
Ағаштың түбіне отырып, тағы әңгіме айтып,
Нан мен көлекедегі қарбызды жарып жеп аламыз!

Содан соң әже келіп айранменен,
Ет, қазы мен бауырсақтарын беретін,
Тапшанда жылы күлкілері, сипағаны,
Жаныма тыныштық, көңілге жай беретін!

Сол кезде анам алып кетті мені өз үйіне,
Көп ұзамай Атам кетті Көк Төбеге,
Арал кетті сарқылып, дала шөл боп,
Сол кез шіркін қайта айналып келе ме!?

Сол кезде анам алып кетті мені өз үйіне,
Көп ұзамай Атам кетті Көк Төбеге,
Арал кетті сарқылып, дала шөл боп,
Сол кез шіркін қайта айналып келе ме!?

Атау әйтеуір сенімен көңілім түспейтін,
Пенсияңнан қалтам қалыңдығы кетпейтін,
Шахмат, карта ойнағанда үнемі сен жеңіп,
Аралдың жылы лебі, теңіз исімен бетімізге есетін!

Сағындым сені Аташым,
Сағынбау сені мүмкін бе?
Қара міне ақылшым,
Көк сөз жаздым үлгіге!

Ұмытпадым Жалғыз Құдайды,
Қайта бірге жаттайықшы Құранды!
Гроссмейстер болам қарашы,
Ойнайықшы келші дарашым!

Қайта бірге бұрынғыдай балықты аулайық,
Күндіз-түні бір тыңбай, еңбектен біз қашпайық,
Қайта жасаш өтініш, сол жүгері балық сорпаңды,
Бірге жейікші масахана құрып, тамашалап көк аспанды!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз