Қыз мұнарасы – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қыз мұнарасы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3682
Атылып мұнарадан қыз құлаған.
(Қадалып түйліккен шал — құзғын оған).
Жұтқанда жас аруды кәрі теңіз,
Кеудеге бұлтын жиып күз жылаған.
Түсірген жұрт еңсесін шер-мұңайтып,
Сұлу қыз көре алмаған елді қайтып,
Лақтырып тұңғиыққа тұншықтырып,
Толқындар көңіл айтқан кері қайтып.
Өмірден таусылған дәм-сыбағасы
Сол қызды қабылдаған су анасы.
Бакуде көк теңізден көзін алмай,
Әлі тұр мұңайып қыз мұнарасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз мұнарасы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қыз мұнарасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыз мұнарасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз мұнарасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері