Мектебім – Нұрмұхан Жанұзақұлы

Бұл бетте «Мектебім» атты Нұрмұхан Жанұзақұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көктеткен бізді, көктемім, күнім, мектебім,
Адам боп өсер, өткелім менің мектебім.
Өмірдің қырын, әлемнің сырын үйреткен,
Бәйгеге қосқан, көмбеден тосқан мектебім.

Жұлдыздар қонған, армандар толған мектебім,
Ата-анам болған, бақтым қонған мектебім.
Алтындай шайқап, әкемдей байқап мәпелеп,
Тұнығым сенсің, бастауым – ана мектебім.

Ата тау сенсің, кең дала сенсің, ұямсың,
Алғысым теңіз, жаныммен егіз қиялсың.
Оқушың болдым, тоқушың болам жанұям,
Ұсынар гүлім, құшаққа қалай сия алсын?!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері