«Жаным» деп құшақтап аласың – Динара Мәлікова

Бұл бетте ««Жаным» деп құшақтап аласың» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

«Жаным» деп құшақтап аласың.
«Жаным» деп шығарып саласың.
Сұп- сұлу көзіңмен сиқырлап,
Қай жаққа әкетіп барасың?

«Сүйем» деп сендіріп кетесің,
Түсіме асығып жетесің.
Халымды сұрар деп сен мүмкін,
Менен де бір хабар күтесің.

Мен кейде сен болып сөйлесем,
Ұқсағым келгендей күй кешем.
Жүресің басқарып, бұйырып,
Мен саған және де үйлесем.

Көзімнен сөйлер деп қиялым,
Өзіңді көргенде ұялдым.
Сен кетсең сөнем де бір демде,
Өртенген өлеңге сиямын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері