Не деймін жаным саған? – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Не деймін жаным саған?» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Не деймін жаным саған?...
...Сағынып қалдым десем,
Күйімді көресің бе?
Көктемде тоңдым десем,
Мейірім төгесің бе?
Оңаша жүрмін десем,
Іздеп кеп табасың ба?
Сенсіз-ақ күлдім десем,
Қызғанып қаласың ба?
Ұмытып бар кінәңді,
“Сүйем”деп сыбырлаймын.
Сен тыңдар сол бір әнді,
Мен айтып ыңылдаймын.
Ертең- ақ, келер деймін,
Еңсемді түсіре алмай...
Жүрек боп елеңдеймін,
Өзімді түсіне алмай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері