Темекі секілді төзімнің – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Темекі секілді төзімнің» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Темекі секілді төзімнің,
Түбінде тұншығып көз ілдім...
Көгілді қиялдар төбемде,
Түтінге айналып кетер ме?
Мен саған өкпелеп қалғанмын,
Сен болсаң ұмытып алдандың...
Бір рет те наздансам болмай ма?
Күнім деп күле сал ондайда...
Өзіңді аңсатқан елес түн,
Әйтпесе ренжіген емеспін...
Осылай бітер ме жалғасы,
Тек үнсіз...үндемей қалмашы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері