Өлетінімнен қорықсам – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Өлетінімнен қорықсам» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өлетінімнен қорықсам,
Кездеспес едім тағы да.
Күнім-ау, менен жалықсаң,
Жылылық екпе жаныма.
Күнәсімен сүйер өмірді,
Көзіме келіп тоқташы.
Сағынышым тағы сөгілді,
Төзім боп теуіп тасташы.
Күзімді мынау жаз қылшы,
Деміңе жүрем емделіп.
Ақылды болып азғыршы,
Сүймей-ақ кетем сенделіп.
Күндерді жұтып даусыңа,
Телміртіп солай зарықтыр.
Түн болдым десем таусыла,
Аялдамасың анық бұл.
Бұрылмай кетсең бақыттым,
Сезім боп сөзсіз кішірдім.
Тәуелді саған уақыттың,
Тәкәппарлығын түсіндім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері